Pfizer -ден кейін вирусқа қарсы иммунитеттің пайда болуы 95 пайыздан жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Pfizer -ден кейін вирусқа қарсы иммунитеттің пайда болуы 95 пайыздан жоғары

21.11.2021

Pfizer вакцинасы арнайы алынған жүкті және босанған әйелдерге, сонымен бірге 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге салынып жатыр.

Нақ балаларға байланысты тоқталсақ. Иә, ересектерге қарағанда балаларда жеңіл өтеді, бірақ коронавирустан жазылып шыққан соң кейбір балаларда ерекше реакция болуы мүмкін дейді педиатрлар. Бұл мультижүйелі қабыну синдромы деп аталады, өте қауіпті ауру. Онымен біздің елімізде де ауырған балалар бар. Дене қызуының жоғарылауы өз алдына, пневмония, бүйрек, бауыр жетіспеушілігі, сонымен бірге жүйке жүйесіне, көзіне, буындарына да әсер етуі мүмкін. Демек бүкіл ағзаға әсер етеді. Кесірінен жансақтау бөліміне түсу, жасанды тыныс алу аппаратына қосу сияқты ойлау қорқынышты жағдайлар болуы ықтимал.

Әрине, вакцинаға күмәнмен қарайтындар азайған жоқ. Дегенмен жақсы бір тенденцияны да байқадық. Вакцина туралы, оның ішінде Pfizer екпесі жайлы көп оқыған жасөспірімдер көп сияқты. Олардың фейк ақпарат пен ғылымға негізделген ақпаратты ажырата алатыны қуантады. Вирусты жеңу мүмкін еместігін, тек әрқайсымыз екпе алып, ұжымдық иммунитет қалыптастырғанда ғана қорғана алатынымызды түсінеді.

Pfizer вакцинасын салдырғысы келетін ересектер аз емес. Мысалы, мен де ревакцина жасату уақыты туатын ақпан айында осы екпені қабылдағым келеді. Адамдар таңдаған екпесін қабылдауы керек екенін түсінген үкімет, жыл аяғына дейін бұл мәселенің шешімін шығаратындарын айтты. Ақылы негізде болса да, әлем мойындаған Pfizer вакцинасын салғызу мүмкіндігі берілуі тиіс. Pfizer -ден кейін вирусқа қарсы иммунитеттің пайда болуы 95 пайыздан жоғары.


Хабарламаларға жазылу