Қарағанды облысына қарасты Приозерскідегі жылу қазандықтары жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысына қарасты Приозерскідегі жылу қазандықтары жөнделді

19.11.2021

Қарағанды облысына қарасты Приоезерск қаласындағы жылу энргия орталығының үш бірдей қазандығы жөндеуден өтті. Соның арқасында қазір шағын шаһардағы жылу мәселесі бір жол шешімін тапты. Бұған қоса су насосы ауыстырылып, құбырлары жаңартылды. Сондай-ақ, мазутты отын сақтайтын жаңа қойма салынған.

Жалпы, Приозерск қаласындағы жылу энергия орталығы 76 көпқабатты тұрғын үйді, 27 әлеуметтік нысанды және әскери бөлімдерді жылумен қамтамасыз етеді. Еске салсақ, 2011 жылы қала жылу беру маусымына дайын болмай, қаңтардың қақаған аязында тұтас қала жылусыз қалған болатын. Содан бері мұндағы коммуналдық саланы жаңғыртуға жыл сайын қаржы бөлініп келеді.

Темірхан Айдарханов, ТКШ автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

2011 жылы қалада төтенше жағдай жарияланғандықтан, сол кезде осында КИП автоматикасы енгізілген болатын. Ол осы күні тозығы жетті. Жергілікті бюджеттен қосымша қаражат қарастырылып, жаңағы КИП автоматикасы толықтай жаңартылды.


Хабарламаларға жазылу