«Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы». Кешікпей осындай атаумен Азаматтық форум өтеді. Жиында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады. Сарапшылар әлеуметтік сала, цифрландыру, білім мен денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемалар бойынша ой-пікірін ортаға салады. Басты мақсат – мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы байланысты нығайту. Форум 22 қарашада басталады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оффлайн және онлайн форматта өтеді.
Торғын Қайдарова, форумның ұйымдастырушысы:
Форумның ерекшелігі - Тәуелсізідігіміздің 30 жылдығы қарсаңына орай өтеді. Айта кететін жайт 2003 жылдан бастап екі жылда бір рет өтіп жатса, осы жылдан бастап жыл сайын өткізілетін болады.