Бүгін Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына орай ғылыми конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

19.11.2021
Бүгін Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығы және ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай ғылыми конференция өтті. Өзбекәлі Жәнібеков - Мәдениет министрі кезінде қазақтың сәулет ескерткіштеріне айрықша мән берген азамат. Оның тұсында 400-ге жуық археологиялық нысанды қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Соның ішінде Қожа Ахмет Иасауи кесенесі де бар. Сондай-ақ ол қазақ халқының көне музыкалық аспаптарын да зерттеді. "Шертер", "Адырна", "Алтынай" секілді фольклорлық өнер ұжымдарының құрылуына мұрындық болды. Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Наурыз мейрамының жаңғыруына зор үлес қосты. Айтысты жаңғыртты. Тарихшы ғалымдар Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт үшін жасаған осындай кемел істерін кейінгі ұрпаққа таныта түсу қажеттігін баса айтты.

Қазыретәлі Тұрсын, тарих ғылымдарының кандидаты:

Қасаң өлшемнен шығу үшін адамға мықты ерік-жігер керек. Ұлттық өзек керек. Өзекеңнің бойында осы ұлттық өзек өте мықты еді ғой. Өзекеңді алға жетелеген - ұлттық рух.


Хабарламаларға жазылу