Жапония үкіметі ел экономикасын ынталандыруға 490 млрд доллар бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония үкіметі ел экономикасын ынталандыруға 490 млрд доллар бөлмек

19.11.2021

Жапония үкіметі ел экономикасын ынталандыруға 56 трлн йен немесе 490 млрд доллар бөлмек. Мұндай жоспарды премьер-министр Фумио Кишида бүгін жариялады. Оның сөзінше, қыруар қаражат коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қолдауға қажет. Және де бұл пакеттің көмегімен экономиканы жаңарту мен байлықты әр үйге тең бөлу де көзделіп отыр. "Рейтердің" мәліметінше, экономиканы ынталандыруға бөлінетін қаржы 690 млрд долларға жетуі мүмкін. Дегенмен, үкімет бұған қатысты нақты мәліметті кейін жария етпек.


Хабарламаларға жазылу