Шортандыда жарылыстан зардап шеккен екі баланың жағдайы өте ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шортандыда жарылыстан зардап шеккен екі баланың жағдайы өте ауыр

19.11.2021

Шортанды ауданындағы жарылыстан зардап шеккен екі баланың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше балалардың денесін жоғары деңгейде күйік шалған. Ал ауруханаға түскен тағы 2 бала жалпы палатаға ауыстырылды. Жағдайлары жақсарып келеді дейді мамандар.

Естеріңізге салсақ, Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданында газ балоны жарылып, 11 адам зардап шекті. Оның үшеуі оқиға орнында мерт болған. Қалғандары ауруханаға жеткізілді.

Айгерім Ардақ, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
10 жастағы бала денесіндегі термиялық күйікпен ем қабылдап жатыр. Ал 12 жастағы бір баланы 70 пайыз күйік шалған. Бірақ   асқыну жоқ. Медициналық қызметкерлердің бақылауында керекті көмекті алып жатыр.


Хабарламаларға жазылу