АҚШ президенті Джо Байден Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мәселесін қарастырып жатыр. Мұны ол Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен өткен кездесуде мәлімдеді.
Қысқы ойындар ақпанның 4-де басталып, 20-да аяқталуы керек.
Бойкот жағдайында оның ашылу салтанатына Құрама Штаттар делегациясы қатыспайды.
Айта кетсек, Байден әкімшілігі Қытай үкіметін Шыңжаңда ұйғырлар мен өзге де мұсылмандарды геноцидке ұшыратты деп айыптап отыр. Алайда Бейжің мұндай мәлімдемелерді үнемі жоққа шығарып келеді.