Ұлттық арна түсірген «Сарай сыры» сериалы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна түсірген «Сарай сыры» сериалы эфирге шығады

18.11.2021

Жақында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы түсірген жаңа тарихи телехикаялардың керуені басталады. Биылғы маусымның ірі жобаларының бірі - «Сарай сыры» деп аталатын сериал көреремен назарына жол тартады. Телехикая Бөкей Ордасында билік құрған Жәңгір ханға қатысты тарихи окиғаларға негізделеді. Реформатордың саяси аренадағы рөлімен бірге, сарайдағы ішкі өмір, ханшалар арасындағы қарым-қатынастар, төрелер төңірегіндегі астыртын ойындар тарихи фактілерге сүйене отырып, көркемдік тәсілмен әрленіп беріледі.

Басты рөлдерде Медғат Өмірәлиев, Әмина Мектепбаева, Дархан Сүлейменов сынды талантты актерлер бар. Қоюшы режиссеріміз - Бақыттас Санитас. Ал телехикаяның көркемдік жетекшісі - Арман Сқабыл. Дәл қазір назарларыңызға «Сарай сыры» телехкиаясының ресми аңдатпасын ұсынамыз.

Телехикаяның қашан эфирге шығатыны жақын күндері хабарланады. 

Раушан Сайлауқызы

Ұлттық арна Сарай сыры сериал Бөкей Ордасы Жәңгір хан Qazaqstan

Хабарламаларға жазылу