Қазақстанда электр қуатын тұтыну бірден 7%-ке артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электр қуатын тұтыну бірден 7%-ке артты

18.11.2021

 Қазақстан Ресейден 1200 МВт электр энергиясын импорттайды. Энергетика министрлігінің айтуынша, мемлекетаралық сауда-саттық өткізілген. Бұған дейін жауапты министрлік энергия тапшылығының алдын алу үшін 2025 жылға дейін 1,8 трлн теңге бөлінетінін хабарлаған. Биыл Қазақстанда электр қуатын тұтыну бірден 7%-ке артты. Сұраныстың көбеюіне цифрлық майнингпен айналысатын фермалар да әсер еткен. Статистика бюросының мәліметінше, 1-ші деңгейлі электр энергиясының тарифі 1 кВт/сағат үшін елордада 12 теңгеге жуық, Алматыда 17 теңге, Шымкентте 14 теңгеден асады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу