Парламент Мәжілісі жанындағы партияаралық кеңес отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Мәжілісі жанындағы партияаралық кеңес отырысы өтті

18.11.2021

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Парламент Мәжілісі жанындағы Партияаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты. Спикер Мәжіліске өтпеген партия өкілдері осы жерде өтіп жатқан барлық іс-шараға белсенді қатысып жүргенін алға тартты. VII шақырылымдағы Парламент жұмысы басталғаннан бері Мәжілістің қарауында барлығы 128 заң жобасы болды. Бүгінде оның 80-і мақұлданып, Сенатқа жолданды. Депутаттар мақұлдаған заң жобалардың ішінде ел Президенті бастамашылық жасаған шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге толық тыйым салуды көздейтін Жер қатынастары мәселелері бойынша заң жобасын ерекше атап өтті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері:
Бүгінгі күні барлық партия өкілі, соның ішінде Парламентке кірмеген партия мүшелері біздің заң шығару жұмысымызға қатысып, өздерінің нақты ұсыныстарын жеткізіп келеді. Осының бәрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасымен сәйкес келеді. Бұл - Парламент үшін де, қоғам үшін де өте маңызды.
Төлеутай Рахымбеков, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 
«Ауыл» партиясы Парламентте болмаса да, Мәслихатты қарасаңыз ,екінші орында. 
Эльдар Жұмағазиев, «Adal» партиясының хатшысы:
 «Adal»  партиясы ретінде бәріне мүшелерді беріп жатырмыз. Ашықтық бар екені сөзсіз. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу