Беларусь: Мигранттардың кейбірі уақытша орталыққа көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь: Мигранттардың кейбірі уақытша орталыққа көшіріліп жатыр

18.11.2021

Беларусьтің қаруланған сақшылары Польшамен арадағы шекарада жиналып қалған мигранттарды лагерьлерден логистикалық орталықтағы уақытша баспанаға көшіріп жатыр. Дегенмен олардың 400-дейі өз еріктерімен Иракқа оралу туралы шешім қабылдаған.

Соңғы апталарда Еуропа одағына бару үшін мұнда Таяу Шығыстан, Ауғанстаннан мыңдаған адам жиналды. Бірақ Польша өз шекарасын ашпағандықтан, олар күн суығанда орманда қалып отыр.

Брюссель Беларусь басшылығын өзіне санкция жариялағаны үшін 4 мыңдай мигрантты одаққа қарай әдейі жіберді деп айыптап отыр. Минск болса, бұл кінәні «бос сандырақ» деп атаған.

 Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу