Ауыл әкімдері лауазымына білімді азаматтарды ұсынудың маңызы арта түсті - Асхат Садырбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл әкімдері лауазымына білімді азаматтарды ұсынудың маңызы арта түсті - Асхат Садырбай

18.11.2021

Әр ауылдың әл-ауқатын көтеріп, жағдайын түзеу үшін әкімді халық өзі таңдағаны жөн болды. Бұл бастаманың нәтижелі екенін сарапшылар да, елдімекен тұрғындары да мойындай бастады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында Президент сайлау үдерісін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін баса айтты.

«Бұл ретте ауыл әкімдері лауазымына орта арнаулы білімі бар азаматтарды ұсыну туралы жаңашылдықтың маңызы арта түсті»,- дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбай.
Асхат Садырбай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Көптеген ауылдарда кандидаттар жетіспей жатады немесе дипломы келмей жатады. Сондықтан кандидаттар неғұрлым көп болған сайын жергілікті халыққа таңдау мүмкіндігі болады. Бұл - өте қажетті нәрсе. 


Президент лттық қоғамдық сенім кеңесі Асхат Садырбай

Хабарламаларға жазылу