Брюссельде Хива қаласының мәдени күндері тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Хива қаласының мәдени күндері тойлануда

18.11.2021

Өзбекстанның батысында орналасқан шаһар 2020 жылы түркі дүниесінің мәдени астанасы болып жарияланған. Әсем қаланы еуропалықтарға, шетелдіктерге таныстыру мақсатында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы Брюссельде бірнеше шара ұйымдастырды. Еуропалық парламентте өткен басқосуда депутаттар мен сарапшылар түркі мәдениетінің жаһандық мәдениет пен өркениеттің дамуына қосқан үлесін талқылады. Қалаларды бір-бірімен жақындастыру үшін биылғы жылдың соңында Хивада Хорватияның Риека қаласының мәдени күндерін өткізуге уағдаласты. Сонан соң көпшілік Хива қаласының тарихынан сыр шертетін фотокөрмені тамашалады. Шаһарда ашық аспан астында XVI ғасырдан бергі тарихи орындар сақталып қалған. Түркі дүниесінің мәдени мұрасын көпшілікке кеңінен насихаттау үшін ТҮРКСОЙ ұйымы енді жыл сайын бір шаһарды Еуропа жұртына кеңінен таныстыруды көздеп отыр.

Дүйсен Қасейінов, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы:

Біздің Президенттердің шешімімен 2017 жылы түркі дүниесінің бас қаласы болған Түркістан - бүгінгі күнде түркі дүниесінің рухани орталығы, рухани бас қаласы деп жарияланды. Біз тура осындай Хиуаның күндері сияқты Еуропарламентте, Брюссельде Түркістанның да осындай күндерін өткізуге келісіп жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу