Шалғайда жүрген қыз-келіншектердің қолдау мәселесі пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалғайда жүрген қыз-келіншектердің қолдау мәселесі пысықталды

17.11.2021

Әйелдер құқықтарын қорғау мен олардың белсенділігін қолдау жайы қазіргі қоғамда өте өткір тұрған мәселе. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Отбасылық және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Азаматтық қоғам атынан жиналған белсенділер жасалынып жатқан жобалар турасында сөз етіп, қордаланып жатқан мәселелер туралы да пікір алмасты. Шараға шетелден келген сарапшылар да қатысты.

Ләззат Рамазанова, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы: 
Пандемия ситуациясынан аман-есен шығуы, олардың өмірге қайтадан өз қалпына кірісіп кетуі бүгінгі таңда оңай жұмыс емес. Екі аяғы балғадай, қолы сау ұл-қыздарымыз да пандемиядан кейін не істерін білмей қалды.


Хабарламаларға жазылу