Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

17.11.2021

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Әңгіме барасында сауда-экономикалық ынтымақты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді. Президент Шавкат Мирзиёев жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді деп жоспарланып отыр.

Раушан Сайлауқызы 


Хабарламаларға жазылу