Жамбыл облысында дүлей дауыл соқты. Жойқын желден облыс орталығында жарық сөніп, талдар құлап, көшеде жүру қауіпке айналды.
Секундына 30 метр жылдамдықпен басталған жел түске қарай күшейе түсті. Көшелерде шаңды дауыл көтеріліп, көлік қозғалысы қиындады. Ағаштар мен электр желілерінің бағандары құлап, Тараз қаласының тең жартысы жарықсыз қалды. Сондай-ақ жойқын жел көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, көліктер де бүлінген. Қазір қала ішіндегі жолдарды құлаған ағаштардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Ал, мамандар алыс жолға шықпауға шақырады. Өйткені, облыстың кей аудандарында қарлы боран соғып, жолдар жабылған. Әзірге адам шығыны туралы ақпарат жоқ.
Мақсат Қосыбаев, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:Барлық ұялы байланыс желілері арқылы халыққа ескертулер жіберілген болатын. Таулы аудандар да қалың тұман, желдің жылдамдығы 28-30 метр секундтан да асып түседі деп хабарланған болатын.