Еуропада газ бағасы бірден 17 пайызға өсті. Бұған Германияның Солтүстік ағын-2 құбырын рәсімдеуді тоқтатуы себеп. Айта кету керек, ресейлік газ құбыры толықтай салынып бітті. Тіпті оған отын толтырылған. Дегенмен құбырды сертификацияламас бұрын Германия оны басқаратын еншілес компания құрып, тіркеуі тиіс.
Көгілдір отынның жетіспеуінен биыл Еуропа елдері энергия тапшылығын сезінуі мүмкін. Ал Балтық теңізі түбімен өтетін құбыр Қарт құрлыққа газ тасымалын бұрынғыдан екі есеге ұлғайтады.
АҚШ болса, бұл құбырға әу-бастан қарсы. Өйткені Вашингтонның пікірінше, мұндай нысан Еуропаны Ресейге тәуелді етуі мүмкін.
Арай Төлегенқызы