Оралда короновируспен ауыра тұра, сабақ бермек болған бірнеше мектеп мұғалімі анықталды. Карантин талабын бұзу фактілері «Ашық» қосымшасы арқылы әшкереленді.
Қалалық №1,10 және 23 мектеп мұғалімдері мен №14 балабақша тәрбиешісі ғимаратқа «қызыл» мәртебемен өтпек болған. ПТР-тесті де оң нәтиже көрсеткен. Қазір шектеу шарасын орындамағандарға қатысты хаттама толтырылып, тиісті органға жіберілді.