Солтүстік Қазақстанда өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатқан құс фабрикаларына қатысты тергеу басталды.
Мамандар қаңтар-наурыз айларында жұмыртқаның бағасына талдау жасаған. Нәтижесінде екі кәсіпкерлік нысанның құс өніміне көтерме бағаны 30 пайызға дейін өсіріп жібергені анықталды.
Гүлнәр Жаншина, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысының орынбасары:
Талап бойынша монополияға қарсы заңнаманы алғаш рет бұзғандарға ескерту жасалады. Жағдай қайталанса, ешқандай ескертусіз тергеу басталады. Аталған құс фабрикалары заң талаптарын бірнеше рет бұзған. Тергеу үш ай бойы жалғасады. Кәсіпкерлерге қатысты нақты шешімді сот қабылдайды.