Сарапшы: Келер жылы дүниежүзі халқының жартысынан көбі вакцина алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Келер жылы дүниежүзі халқының жартысынан көбі вакцина алады

16.11.2021

Келер жылы дүниежүзі халқының жартысынан көбі вакцина алады. Ал әлемдік экономика 2023 жылдан бастап қайта қалпына келеді. Астана клубының 6-отырысында халықаралық сарапшы Кришна Кумар осындай болжам айтты. Ол қазір Еуропа елдерінде, Ресейде вирус қайта өршіп жатқанын атап өтті. Әрі ауқатты мемлекеттерде екпе алу науқаны кедей елдерге қарағанда белсенді жүріп жатқанын жеткізді. Айтуынша, тек әлем халқы бірігіп, бір-біріне қолдау көрсеткенде ғана вирус өршуінің алдын алуға болады.

Кришна Кумар, Rand корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры:

Соvid-19 пандемиясы әлі жалғасып жатыр. Вакцина алу вирусты жоюдың жалғыз жолы. Кедей елдер халқының екпе алуына қолдау көрсету қажет. Тек бір ел ғана вакциналау жүргізгенде жеңіске жетпейміз. Күш біріктіруіміз керек.


Хабарламаларға жазылу