«Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды

16.11.2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған жобаның мақсаты - мемлекеттік тілді үйренуге қызығушықты арттыру. Бұл үшін әр өңірде тіл оқытудың заманауи әдістемесін көрсететін байқаулар және басқа да іс-шаралар өтеді. Қазір елімізде қазақ тілін оқытатын 5644 ұйым бар. Достық үйлерінде 124 топ ашылған. 2015 жылдан бері «Мың бала» жобасына 1,5 миллион бала қатысып, олардың 300 мыңға жуығы қазақ тілін меңгерген. Салтанатты шара барысында жобаның осы жылғы үздік жастары мен әдіскерлер әртүрлі номинация бойынша марапатталды.

Ділназ Тұрсынкулова, 8-сынып оқушысы:

Мен «Мың бала» жобасына екінші рет қатысып отырмын.  Жеңімпаз атандым, өте қуаныштымын. 

Хабарламаларға жазылу