Жасөсіпірімдер вакцинаның екінші компонентін алуы тиіс. Қазір бізбен лондондық тілшіміз Марина Бекенова байланысқа шықты. Қайырлы күн, Марина. Ревакцинация үшін екпенің қандай түрлері ұсынылып жатыр?
Марина Бекенова, тілші:
40-49 жас аралығындағы адамдарға үшінші компонент ретінде Pfizer-Biontech немесе Модерна препараттары ұсынылуда. Ағзаны күшейту үшін соңғысының, тіпті жарты дозасы жеткілікті деп ұйғарылып отыр. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігінің мәліметінше, иммундаудан кейін ковид жұқтыру қаупі 93 пайызға төмендейді екен. Оны екінші компоненттен кейін 6 ай өткен соң алуға кеңес беріледі. Мамандардың пікірінше, қайта вакциналау науқаны сәтті өтіп, иммунитет күшейсе, миллиондаған адамның індеттен аман қалуына зор мүмкіндік бар.
Вэй Шэнь Лин, Ұлыбританияның вакциналау және иммундау жөніндегі біріккен комитетінің төрағасы:
Бустерлік доза қауіпсіз. Ешқандай алаңдатарлық жағдай тіркелген жоқ. Ал жанама әсер ретінде тек укол салынған жер ауырып немесе тұмауға ұқсас белгілер байқалуы мүмкін. Ревакцинациядан кейін адамдарды ковидтен қорғау және олардың өмірін сақтап қалуға сеніміміз арта түспек.
Сондай-ақ, Ұлыбританияның Вакциналау және иммундау жөніндегі біріккен комитеті 16-17 жастағы жасөспірімдерге екпенің екінші компонентін салуға болады деп шешті.
Жалпы, бүгінге дейін бустерлік дозаны 12 миллоннан астам тұрғын алып үлгерді. Олар: жасы 50-ден жоғары, медицина саласында алғы шепте жұмыс істейтіндер және асқынған ауруы бар науқастар.
Марина Бекенова