Қазақ радиосы эфирінен «Көшпенділер» трилогиясының аудио нұсқасы берілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы эфирінен «Көшпенділер» трилогиясының аудио нұсқасы берілуде

16.11.2021
Қазақ радиосы эфирінен «Көшпенділер» трилогиясының аудио нұсқасы берілуде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақ радиосының эфирінен жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының аудио нұсқасы берілуде. Жобаға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ұлттық аударма бюросы қолдау көрсеткен.

«Егемендікті, ел мен жерді бізге аман жеткізген хандар мен баһадүр батырлардың ерлігі жүйелеп жазылған «Көшпенділер» тарихи трилогиясын арнайы бағдарлама эфирінен шығару - Қазақ радиосының Тәуелсіздік тойына қосқан бір үлесі»,- деді «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосы» радио арнасының директоры Дулат Абибуллаев.

Қазақ хандығының құрылымы мен саяси өміріне негізделіп жазылған тарихи эпопеяны Қазақ радиосының ардагер дикторы Бүркіт Бекмағамбетов дыбыстады. «Көшпенділер» трилогиясының аудио нұсқасын күн сайын «Көкжиек» бағдарламасынан тыңдай аласыздар.

Айта кетейік, соңғы екі жылда Қазақ радиосы эфирінде Тахауи Ахтанов, Хамза Есенжанов, Әзілхан Нұршайықов, Жүсіпбек Аймауытов, Әбіш Кекілбаев, Қалихан Ысқақ, Сәкен Жүнісов, Бердібек Соқпақбаев, Сәбит Мұқанов, Шерхан Мұртаза және Мұхтар Мағауиннің еңбектері мен әңгімелері аудио кітап форматында берілген.


Қазақ радиосы Көшпенділер аудио нұсқа Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Хабарламаларға жазылу