АҚШ пен Қытай президенттері виртуалдық саммит өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытай президенттері виртуалдық саммит өткізеді

15.11.2021

АҚШ пен Қытай президенттері бүгін виртуалдық саммит өткізеді. Джо Байден мен Си Цзиньпиннің үшінші кездесуінде киберқауіпсіздік, сауда және ядролық қаруды таратпау тәрізді бірнеше күрделі мәселе талқыланбақ.

Ақ үйдің бұған дейінгі мәлімдемесінде «қос лидер АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестікті реттеуді, ал мүдделер сәйкес келетін мәселелерде бірлесе әрекет ету жолдарын талқылайды» делінген. Ал Си Цзиньпин өткен аптада қатынастарды қайта қалпына келтіру үшін АҚШ-пен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған қоса Қытай лидерінің пікірінше, ынтымақтастық бірден-бір дұрыс таңдау болмақ. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу