Абай шахтасындағы апат: Ауруханадағы қос кенші жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай шахтасындағы апат: Ауруханадағы қос кенші жазылып шықты

15.11.2021

Қарағанды облысының Абай шахтасындағы апат кезінде зардап шеккен қос кенші бүгін ауруханадан жазылып шықты. Олар өткен аптада жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған еді. Бір аптадай дәрігерлердің бақылауында болған 58 жастағы Жеңіс Маралбаев пен 61 жастағы Элайдар Зейналовтың денсаулығы қазір жақсы. Алайда 2-3 апта үйде бола тұрулары қажет. Ал апаттан аман қалған қос кеншінің бойында үрей қалған. Олар шахтаға қайтып оралғылары келмейді. 40 жылға жуық көмір кенішінде еңбек еткен азаматтар өзге жұмысқа ауысуға ниетті.

Жеңіс Маралбаев,   кенші:
Егер мүмкіндік болса, ол жаққа бармаймын. Қауіпті. Барлығы ескірген.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу