Қазақстан қор биржасында енді шетелдік компаниялардың акциясын сатып алуға болады. Каsе Global сауда алаңы бүгін жұмысын бастады. Оған Нью-йорк биржасының листингінен өткен акцилар шығарылмақ. Әзірге шетелдік 25 компаниямен сауда жасауға болады. Алдағы уақытта олардың санын 37-ге жеткізу көздеген. Өйткені шетелдік акция нарығына қызушы қазақстандықтар көп. Сол үшін жеке және заңды тұлғалар отандық биржада инвестиция жасауға жағдай жасалып отыр.
Досжан Маратұлы