Қызылордада «Pfizer» вакцинасын алғашқы болып 72 студент салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Pfizer» вакцинасын алғашқы болып 72 студент салдырды

15.11.2021

Қызылордада «PFIZER» вакцинасын алғашқы болып колледждің 72 студенті салдырды. 

Әділбек Серікұлы, тілші:

АҚШ-та жасалған вакцинаның алғашқы легін болашақ медицина мамандары қабылдауға ниет білдірді. Сондықтан студенттер ерікті түрде, ата-анасының рұқсатымен екпе алуда. Жалпы, вакциналау колледж қабырғасында жүріп жатыр. Ол үшін арнайы егу кабинеті қажетті құралдармен жабдықталған. Барлық медициналық талап сақталған. Қазір бірінші лекпен 72 жасқа вакцина салынуда.

Жалпы, өңірге 23400 дана пфайзер вакцинасы жеткізілді. Дозалар орталық қоймада -60 пен -90 градус салқын температурада сақтаулы тұр. Алдағы уақытта бұл дозалар аймақтағы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге тағы басқа осы санаттағы адамдарға өз қалауына сәйкес салынатын болады. Халықтан сұранысына қарай шетелдік вакцинаның 97 мыңға жуық данасы облысқа әкелінбек. 


Хабарламаларға жазылу