Маңғыстау облысы тұрғын үй құрылысы бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан кейін көш бастап тұр. Ақтау қаласының өзінде соңғы 5 жылда жаңадан 11 шағын аудан бой көтерді. Қазір облыс орталығында 100 ден астам тұрғын үй салынып жатыр. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асуда. 305 пәтерлі 2 тұрғын үй жалға беріледі. Оның құрылысына бюджеттен 2,9 млрд теңге қарастырылған.
Самат Қылышбай, Ақтау қаласының тұрғыны:«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттен осындай үй алып, кілтін табыстаған болатын. Қазіргі таңда үйді көріп жатырмыз.
Айнұр Манкешова, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы:Біздің облысымыз соңғы 5 жылдың ішінде 3-тік қатарына келіп тұрмыз. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1,193 шаршы метр бізде пайдалануға берілді. 2021 жылға келетін болсақ, бұл көрсеткіш 954 мың шаршы метрді құрап тұр. Жалпы, жылдық жоспарымыз - 1,200 млн шаршы метр.
Аягөз Оралбайқызы