Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ыстамбұлда «Ұлытау» тобының концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ыстамбұлда «Ұлытау» тобының концерті өтті

15.11.2021

Жергілікті көрерменнің көзайымына айналып үлгерген қазақ өнерпаздарының бұл жолғы кешіне де түрік тыңдаушылары көптеп жиналды. Концертте ұлттық шығармалармен қоса әлемдік жауһарлар да орындалды. Әсіресе «Түрік маршы» мен «Ах, Ыстамбұл» туындысы көпшіліктің ықыласына бөленді. Концертке келген Түркиядағы қандастарымыз қазақтың қара домбырасының үнін естіп, кештен марқайып шықты. Қазақ тобының концертін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ыстамбұл мэриясы мен Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы арнайы ұйымдастырды.


Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу