Ливерпульдегі әйелдер клиникасының жанында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливерпульдегі әйелдер клиникасының жанында жарылыс болды

15.11.2021

Англияның Ливерпуль қаласындағы Әйелдер госпитальінің жанында тұрған машинада жарылыс болып, 1 адам қаза тауып, өзгесі жараланды. Жергілікті полициясының мәлімдеуінше, оқиғаға байланысты контртеррористік агенттік тергеу жүргізіп жатыр.

Жарылыстың алдында клиниканың жанына такси тоқтаған. Көліктің жүргізушісі ер адам. Ол жараланып ауруханаға жеткізілді. Жан тәсілім еткен жолаушы да ер адам.

Осы жағдайға байланысты қаланың Кенсингтон ауданында үш күдікті тұтқындалды. Олардың жастары 21,26 және 29-да екен.


Хабарламаларға жазылу