Жамбыл облысында 50 миллион теңгенің мұнай өнімдерін шекара асырмақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 50 миллион теңгенің мұнай өнімдерін шекара асырмақ болған

15.11.2021

Жамбыл облысы аумағында 50 миллион теңге болатын мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз тасымалдағысы келгендердің жолын кесті. Отыны бар үш ыдысты олар газ конденсаты түрінде теміржол жүк құрамының көмегімен шекара асырмақ болған. Тәркіленген отын мемлекет меншігіне өткізілді.


Хабарламаларға жазылу