Елордадағы сауда орталығында жас жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды. Ол ойын-сауық орталығында 17 жастағы қыздармен таныспақ болған. Бойжеткеннің бірі жақын маңда жүрген ағасын шақырғанда, оған жұдырық жұмсап, төбелес бастаған. Жастар арасындағы жанжал далада да жалғасып, 31 жастағы ер адам өзінен 12 жас кіші бозбаланы ұрып тастайды. Криминалдық полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, төбелес шығарған қала тұрғынын ұстады. Қазір «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.