Өткен аптада Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада болған апаттан 6 адам көз жұмғаны мәлім. Күн тәртібіне өндіріс ошақтарындағы қауіпсіздік мәселесі тағы шықты.
Сенат депутаты Сергей Ершовтың мәліметінше, «Арселор Миттал» компаниясына қарайтын шахталаларда апаттар соңғы он жылда өскен. 23 апаттың 8-інде 19 адам опат болған. 71 шахтер мерт болған 2006 және 2008 жылдардағы ірі апаттарды қоспағанда, деді сенатор.
Ершовтың депутаттық сауалына құлақ түрсек, компания инвестициялық міндеттемелерін орындамайды, өндірістік базаны жақсартпайды, қондырғылардың жаңалауға керек ақшаны жеткілікті бөлмейді, зиянды заттар қалдықтарын азайтпайды, білікті мамандар кетіп жатыр, болуы тиіс әлеуметтік кепілдіктер жоқ. Ол «АрселорМиттал» кәсіпорындарының, жалпы саланың ахуалын Үкіметте арнайы қарауды ұсынды.
Бұдан бөлек, құрылыс саласында да кісі өлімі болып, адамдар ауыр жарақат алып жатады. Қымбатшылық қысып, жұмыссыздық үркітіп тұрғанда жұмысшы табында таңдау бар ма? Бірақ біз заң жоқ әлдебір ел емеспіз, солай емес пе? Әлде қалай? Амангелді Сейітханның сараптамасы.