Шығыс Қазақстан әкімінің брифингі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан әкімінің брифингі өтті

12.11.2021

Бүгін Шығыс Қазақстанның әкімі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз маслихатын өткізді. Өңір басшысы Даниал Ахметов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Президент Жолдауы аясында облысты дамытудағы басты бағыттарды айқындады. Биылғы жылдың 10 айы Шығыс Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша табысты болды. Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 105,2 пайызға өскен. 431 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. 607 млрд. теңге инвестиция тартылған. Білім, спорт және басқа да салаларда жақсы жаңалық көп. Облыс әкімі өз баяндамасында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу