Теңгенің долларға шаққандағы құны екінші сессия қатарынан әлсіреп жатыр. Қазақстан қор биржасында доллар 429 теңге 59 тиынға теңесті. Еуро 492, рубль 5 теңге 98 тиын. PwC сарапшылары келер жылы доллар бағамы 450 теңгеге өсуі мүмкін екенін айтады. Мұнай бағасы да төмендеп жатыр. Brent 0,75%-ке арзандап, шикізат бүгін 82 долларға саудаланды. WTI маркалы қара алтын құны 81 доллар болды. Мамандардың айтуынша мұнайдың арзандауына Америкадағы инфляциялық жағдай әсер еткен. Президент Джо Байден әсіресе энергия ресурстарының бағасын тұрақтандыруды қолға алған.
Ақерке Бектас