Қалалық Полиция департаментінің өкілдері жастарды нашақорлыққа қарсы болуға шақырды. Акция аясында олар қан орталығына келіп, донор болуға қан тапсырды. Өйткені бұл мәселе қазір елімізде өзекті. 2020 жылғы ресми дерек бойынша Қазақстанда есірткіге тәуелді 24 мыңға жуық адам арнайы орталықта тіркеуде тұр. Ал бейресми дерек көрсеткіші одан да жоғары. Қоғамдық ұйымдардың есебінше, 120 мыңнан асып кеткен. Статистикалық мәлімет бойынша соңғы бес жылда есірткіге тәуелділер саны 35 пайызға төмендеген. Бірақ соңғы бес жылда 19 мыңнан аса қылмыс осы есірткімен байланысты болған.