Шымкентте жерасты бекінісі экспозициясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жерасты бекінісі экспозициясы ашылды

12.11.2021

Шымкент қаласының көне тарихынан сыр шертетін ортағасырлық «Жерасты бекінісі экспозициясы» көпшілік назарына ұсынылады. «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің аумағындағы бекініс орта ғасырларда шаһардың тыныс-тіршілігі үшін аса маңызды қызмет атқарған. Оның аумығында азық түлік, қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтайтын қоймалар орналасқан. Сондай-ақ мұнда соғыста жараланған жауынгерлерді емдейтін орын да жасақталған. Ең бастысы бекініс аумағынан қалашықтың сыртына шығып кететін бірнеше жасырын жолдар да бар. Экспозицияға Ресей қолбасшысы Черняевтың Қоқан хандығына қарсы соғысқан кезеңдеріндегі бірқатар жәдігерлер қойылып отыр. Мұнда келушілер әскербасылардың жұмыс үстелі, зеңбірек, түрлі қару жарақтар мен тұрмыста қолданылған заттарды тамашалай алады. Экспозиция ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әзірленді.

Биболат Әтеев, «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің директоры:

Бұл жерде 3 мыңға жуық жаугершілік заттар бар. Біз тек Шымкент қаласы, Түркістан облысы емес, бүкіл Қазақстан, шетелден келіп, қызығушылық танытып  жатқандар көп. Бұл жерде арнайы мамандарымызбар. Орыс, қазақ, ағылшын тілінде түсіндіре алады.


Хабарламаларға жазылу