Алматыда Рfizer вакцинасы салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Рfizer вакцинасы салына бастады

12.11.2021

Бүгін коронавирусқа қарсы екпені жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер алды. Вакциналау қалалақ емханаларда жүргізілді. Екпе салар алдында денсаулығы тексерілді. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қазірдің өзінде 30 мыңнан аса тұрғын балаларына екпе салдыруға келісімін берген. Алып шаһарда 12 жас пен 18 жас аралығында 170 мыңнан аса жасөспірім бар. 20 мың жүкті келіншек тіркелсе, емізетін балалары бар әйелдер саны 60 мыңнан асады. Айта кетейін, күні кеше Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілді.

Алтынай Ермекқызы, қала тұрғыны:

Мен психологиялық тұрғыда дайындалып келгем. 6-7 ай бойы ойланып-толғанып, осы вакцина алайын деп шештім. Рfizer емізулі адамдарға болады екен. Тіпті жақсы деп ойлаймын. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. 3 балам бар. Кенже балам 1 жас 2 айдан асты.

Динара Әзімбекова, №5 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары:

Ата-аналарға, оқушыларға осы уақытқа дейін алдын-ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ең бірінші вакцина салынатын балалардың тізімі жасалып, тізім бойынша ата-аналардың келісімі арқылы осы вакцинаны бүгін бастап жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу