Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі өтіп жатыр

12.11.2021

Қазақстанның қаржы саласы Орталық Азияда ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асқан. Ал бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлерінің IX Конгресіне жолдаған Үндеуінде айтты. Елдің қаржы секторының қарқынды даму мәселелерін талқылауға арналған платформа биыл онлайн форматта өтті. Конгрес қатысушылары әлем экономикалысының цифрландырылуы, «жасыл» экономика мен инфляцияның өсімі сынды әлем елдеріне төніп тұрған сын-қатерлердің шешілу жолдарымен бөлісті. Мәселен, тек соңғы жарты жылда азық-түлік инфляциясының 7,0%-дан 8,9%-ға дейін көтерілгені тіркелді. Осы ретте Президент халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының алдында тұрған ортақ міндет екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу