77 жастағы Салтанат Түйтебаев Нью-Йорк марафонында екінші орын алды. Ол «75+» жас санатында өнер көрсетіп, ірі мегаполис көшелерімен 42 шақырымды жүгіріп өтті. Әр елден 33 мыңға жуық адам қатысқан айтулы шарада Қазақстанның жалғыз өкілі Салтанат Түйтебаев болды.
Биыл марафон өзінің 50 жылдығын атап өтуде. Мерейлі жылы жеңімпаздар қатарынан көрінгеніме екі есе қуаныштымын дейді ақсақал. Бірінші орынды америкалық желаяқ жеңіп алды.