Ауылдарға су құбырын тарту үшін 40 млрд теңге қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бүгінде 50 ауылдағы су құбырын ұзарту қажет.
Мәселен Ақмола облысындағы Қараөткел ауылында 18 мың адам тұрады. Ал су құбырын жауаптылар осыдан 4 жыл бұрын 8 мың тұрғынға шақтап жүргізген. Алматы облысы Кеңдала ауылында да бұл мәселе өзекті. 5 жылда елді мекендерде тұрғындар 10 мыңнан асқан. 4 аймақта ауыз су әлі тапшы. Олар Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы. Жалпы елде 6300-ден аса ауыл бар.
Ақерке Бектас