Қызылорда облысының әкімдігі Алаштың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға ас беріп, рухына құран бағыштады.
Еске алу шарасына жиналған Сыр өңірінің ақын-жазушылары ақиық ақынға арнау арнап, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, көпшілік назарына жауһар жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның шығармашылық өмірінен қысқаша бейнематериал ұсынылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Елі тұрғанда Фариза ақынның есімі ешқашан өшпек емес», - деді.