Самбодан және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 12-14 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Жаһандық біріншілікке 50 мемлекеттің спортшылары қатысады. Турнир тарихында алғаш рет 7 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.
Әлем чемпионатында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
Ерлер:
58 келі - Райымқұлов Болатбек
64 келі - Жананиет Рахат
71 келі - Серіков Нұрбол
79 келі - Дартаев Айдын
88 келі - Қалеш Еркебұлан
98 келі - Байқамұров Марат
+98 келі - Көлбай Темірлан
Әйелдер:
50 келі - Жылқыбаева Айжан
54 келі - Әлмұханбетова Гүлдана
59 келі - Бизақ Маржан
65 келі - Салықова Ажар
72 келі - Құрышбаева Ділдаш
80 келі - Амаева Азман
+80 келі - Абенова Арайлым
Жауынгерлік самбо:
58 келі - Домбаев Нүркен
64 келі - Сеисов Әділбек
71 келі - Нұралыұлы Аманжол
79 келі - Тұрганбаев Нұрлан
88 келі - Янковский Умар
98 келі - Мади Райхан
+98 келі - Дайырбаев Максұт
Әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.