90 000 көліктің салығы қайта есептеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

90 000 көліктің салығы қайта есептеледі

10.11.2021

Биыл қымбат тарифпен төлем жасаған 90 мың көліктің салығы қайта есептеледі. Жеңілдік шағын жүк көлігі иелеріне қатысты. Енді олар үшін салық есептеу тәртібі қайта қаралды. Тиісті заңды Мәжіліс мақұлдады. «Газельдерге» салық көліктің қозғалтқыш көлеміне емес, жүк көтергішіне байланысты есептеледі. Бұл норма биыл күшіне енеді. Егер салық қайта есептелсе, оның мөлшері автокөліктің моделіне қарай 2 есе, тіпті кейбірінде 6 есеге дейін азаяды. Ал көлік иесі үшін салық 5 мың теңге мен 115 мың теңге көлемі аралығында қайтарылады.


Хабарламаларға жазылу