Батыс Қазақстанда тәулігіне 40 литрден ғана су беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда тәулігіне 40 литрден ғана су беріледі

10.11.2021

Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындарына келер жылдан бастап жан басына тәулігіне 40 литрден ғана су беріледі. Бұған дейін шекті көлем 140 литр болса, биыл 50-ге түскен. Тариф те үш есе өседі. Тұрғындар судың текше метріне 30 теңгеден төлеп келсе, енді су есептегіш құралы барлар - 90, ал жоқтары 200 теңгеден төлейді.

Нұрбану Сатыбалдиева, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

Әлем бойынша ауызсудың тапшылығы байқалуда. Сол себепті және қазіргі уақытта Жайық өзенінің тартылуы да бұған себеп боп отыр.  Бұл шаралардың барлығы суды үнемдеуге бағытталып отыр.


Хабарламаларға жазылу