Елімізде волонтер-студенттерге ақшалай сыйақы төлеу жүйесі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде волонтер-студенттерге ақшалай сыйақы төлеу жүйесі енгізілді

10.11.2021

Елімізде волонтер-студенттерге ақшалай сыйақы төлеу жүйесі енгізілді. Енді волонтер жастар атқарған еңбегі үшін ақшалай сыйақы ала бастайды. Әрі академиялық кредиттер есепке аланып, қосымша пәндерден босатылады. Бұл бастама қоғамдық жұмысқа етене араласатын белсенді студенттердің санын көбейтуге сеп балады. Тиісті заң нормасын бекіткен білім және ғылым министрлігінің мамандары студенттер мұқтаж адамдарға көмек көрсету мен түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тартылады дейді. Мұның өзі елдегі волонтерлер қозғалысына жаңа серпін болмақ.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу