Алдағы жылдың сәуір айынан бастап Англия дәрігерлері мен медбикелері түгел ковидке қарсы екпе алуға міндетті. Бүгінде медицина қызметкерлерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің қос дозасын салдырып үлгерген. Бірақ 103 мыңдай маман вакцина алуға әзірге асығар емес. Ал ертеңнен бастап қарттар үйлерінің қызметкерлеріне түгел екпе салынады.
Саджид Джавид, Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрі:Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласындағылар түгел екпе алуы керек деген ұйғарым жасадым. Біз халықты, медицина қызметкерлерінің өзін де індеттен қорғауымыз керек. Науқастармен тікелей жұмыс істемейтін және денсаулығына байланысты ғана кей тұрғындарға вакцина салдырмауға рұқсат.
Марина Бекенова