Елде 12 жастан асқан балаларға ата-анасының рұқсатымен екпе салынады. Сондықтан ақпараттандыру жұмысын күшейту керек,-деді сала министрі үкімет отырысында. Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 4 млн.нан аса дозасы сатып алынған. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Себебі, республика бойынша эпид ахуал тұрақты. Ауруға шалдығу 3 есе, ал індеттен көз жұму 4 есеге кеміген. Жалпы, 205 елдің ішінде Қазақстан екпенің екі дозасын салдыру көрсеткішіне қарай 105-ші орында тұр. Бұл вакциналанған халық санына шаққанда 41% дегенді білдіреді. Енді, тұрғындарды қайта вакциналау науқаны басталмақ. Бұл 22-ші қарашадан басталады. Толығырақ Нысаналы Ығылдан білейік.
Нысаналы Ығыл, тілші:12 күннен кейін ел аумағында ревакциналау басталады. Алдымен тәуекел тобына кіретіндер, сосын медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік әрі жабық мекемелер мен қарулы күштер қызметкерлері екпе алады. Ал, 60 жастан асқан адамдар, коронавирусқа қарсы антиденеге тесті тапсырып, теріс нәтижесін алғандар және зерттеуден өз бетінше өткендер белгіленген мерзімсіз-ақ ревакцинаға жіберіледі. Сосын вакцинаның екі дозасын салдырып, арада 9 ай өткенде қалған ел азаматтары екпені үшінші рет қабылдайды.Айта кету керек, жүкті әйелдер, емізетін аналар мен балалар үшін Pfizer вакцинасының 4 млн 230 мың дозасы сатып алынды. 15 қарашаға дейін 379 данасы өңірлерге жеткізіледі.