Францияда коронавирусқа қарсы күшейткіш вакцина алу міндеттелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда коронавирусқа қарсы күшейткіш вакцина алу міндеттелмек

10.11.2021

Францияда жасы 65-тен асқандар желтоқсанның ортасында коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алуы тиіс. Президент Эмманэуль Макрон осылай деп мәлімдеді. Шара вакцина куәлігі жарамды болуы үшін қажет. Бұған қоса, Францияда вирус өршіп, сейсенбіде бір тәулікте оны 12 500-дей адам жұқтырған. Күшейткіш екпе бір айдан соң елдің жасы 50-ден асқан тұрғындары үшін де қолжетімді болмақ. Макронның сөзінше, қазір Еуропада коронавирустің бесінші толқыны жүріп жатыр. Осыған орай Франция денсаулық паспортының ережелерін қатаңдата түспек. Мұндай куәлікті алу үшін адамдар вакцина салдырғанын дәлелдейтін құжат, теріс нәтижесі бар ПТР-тест немесе вирустан жақында айыққанын дәлелдейтін анықтама көрсетуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу