Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы жылу қазандығы аумағында өрт шықты. Оқыс жағдай Талас ауданы әкімдігіне қарасты «Игілік» кәсіпорнының аумағында болған. Дәнекерлеу жұмысы кезінде сыйымдылығы 2 мың кубтық цистернанының ішіндегі мазут тұтанып, жалын шыққан. Қолданыстан шыққан цистернаны бөлшектеу барысында құрылысшылар қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Өртті сөндіруге 3 арнайы техника мен 15 адам жұмылдырылып, бірнеше сағатта сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.